Алматы қаласы Білім басқармасы « №59 бөбекжай-балабақшасы»КМҚК
Алматы қаласы Білімі басқармасына қарасты«№59бөбекжай- балабақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы Түркісіб ауданы Колхозшы ықшам ауданы Қонаев көшесі №6 бір қабатты ғимаратта орналасқан. 2010 жылы қолданысқа берілген. 2010-2013жылдар аралығында Талғар ауданы әкімдігіне қарасты №1«Балапан» балабақшасы болып ашылып, « Балбөбек » бағдарламасы бойынша жұмыс істеген. Ғимараттың ауқымы 2066 , жалпы алаңы 377,8 га . Жоба қуаттылығы 100 орындық4 топқа есептеліп берілген.Оқыту тілі қазақша, 4 ойын бөлмесі, 3 тынығатын бөлме, меңгерушінің кабиенті, әдіскер кабинеті, асхана, шаруашылық меңгерушісінің кабинеті жұмыс істеген.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 49бабына және Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 3 шілдедегі №3\545«№1 балапан балабақшасы » коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп орнының атауы Алматы қаласы Білім басқармасының «№59 бөбекжай – балабақшасы»коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып өзгертілді. Меңгерушісі Абирова Айгүл Фазыловна тағайындалды. Жоба қуаттылығы 85 орындық , 3 топ жұмыс істейді. Балабақша «Балапан» бағдарламасы бойынша жұмыс істей бастады. Оқыту-тәрбиелеу жұмысы барсында «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалары қолданылады.Балабақшада 8 педагог жұмыс атқарады оның 3 жоғары білімді ,5 аранайы орта білімді.
Жетістіктері.
1.2013 жылы «Ең үздік балабақша» Талғар ауданы бойынша
2.2013-2014 оқу жылы «Үздік балабақша »
3. «Қазақшаң қалай, балақай » атты аудандық жарыста балабақшаның тәрбиеленушісі Исраилова Раминажүлделі орынға ие болды.