Аудандық семинар бағдарламасы
Алматы қаласы Білім басқармасы
КМҚК «№59 бөбекажай - балабақшасы»
Аудандық семинар бағдарламасы.
Тақырыбы:Мектепке дейінгі балаларды шығармашылық коммуникативтік тілдік құзіреттілігі арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ересектер «Құлпынай» тобы
Ортаңғы «Гүлдер» тобы
«Алдар көсе Абай ауылында қонақта»әдеби музыкалық театрландырылған қойылым.
«Шықбермес Шығайбай» Қазақ халық ертегісі:
Жүргізуші: Ерте, ерте ертеде күндердің күнінде бір ауылда айласы алты қарыс, бойы бір қарыс Алдар көсе деген кедей өмір сүріпті. Алдар көсе қулығымен байларды алдап, кедейлерді қуанышқа кенелтіп жүреді екен. Содан бір күні шалғайда мал-мүлкіне санап көз жетпейтін бірақ өзге емес, өзінеде қимайтын Шығайбай деген бай бар дегенді естіп , Алдар көсе көріп қайтпақшы болып сапарға шығыпты. Ұзақ жол жүрген Алдардың алдынан ақ боз үйлі ауыл шығады. (қыз баламен ұл бала карсы алады)
-Қош келдіңіз! Алдар аға
-Қош көрдік. Бұл қай ауыл?
Бұл атағымен әйгілі болған хәкім Абай ауылы.
Биыл Абай атамыздың туғанына 171 жыл толып отыр, соған орай ауылда той думан болып жатыр , келіңіз ортақ болыңыз.
Алдар жайғасып отырады.
Жүргізуші: Алдар аға тойдың үстіне келдіңіз енді біздің өнерпаз балалардың тақпақтарына құлақ салыңыз.
Бейбарыс: Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. Абай қазақ халқының ұлы ақыны. Оның көптеген өлендері, шығармалары бар. Биыл Абай атамыздың туғанына 171 жыл толып отыр. Мен Абай атаның «Қыс» өленің жатқа білемін.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды,
Үсті- басы- ақ қырау, түсі суық.
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы- үскірік аяз бен қар,
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аяз бенен қызарып ажарланды.
Жүргізуші: Біздің аналарымыз бір қолымен бесікті тербетіп бір қолымен әлемді тербетеді екен.Ендеше аналарымыздың құрметіне «анашым» әні шырқалсын.
Ән: «Анашым қартаймашы»
-Бейнұр-Аниса-Амина
Жүргізуші: Біздің ауылдың балалары өлең, тақпақ қана айтып қоймайды маржан сөздердіде біледі.
Жаннұр: Еңбекқор бала жұмыс сұрар
Жалқау бала түсте тұрар.
Аниса: Шыншыл бала кесіп айтар
Өтірікші бала бөсіп айтар
Мансұр: Еліңді сыйла анаңдай
Табиғатты сүй балаңдай.
Ниара: Жақсы бала күліп жүрер
Жаман бала жылап жүрер.
Нилюфер: Елгезек бала көмекшіл
Еріншек бала себепшіл.
Жүргізуші: Осындай үлкен тойларда айтысқанды жақсы көремін. Қане, кім жүректі екен, менімен шығатын ақын бар ма екен?
Айтыс
(Абай атаның туылған күніне орай)
Жаннұр: Ақын ата тойында,
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады,
Айтысқанда теңімен.
Мариям:Айтыс-айтыс болады,
Шықса ақын теңімен.
Шешен болсан көрейін
Мен айтысып сенімен
Жаннұр: Келмеймін,- деп- бақшаға,
Жылауыңды қойдыңба?
Көтерші- деп- арқаға,
Сұрауыңды қойдын ба?
Мариям: Ерке қызбын білесің,
Бірақ кімге күлесің?
Кәмпит сұрап өзіңде
Күнде жылап жүресің.
Жаннұр: Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол.
Депті атаң білдіңбе,
Қанша нәрсе болды сол?
Мариям: Бес қосу бес он болар
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын,
Санай алмай жүретін
Жаннұр: Тура сөзді жақтаймын,
Ойдан шықса мақтаймын
Лағындай еліктің,
Сендей құрбы таппаймын.
Мариям: Мен де әдептен аспаймын,
Достығыңнан қашпаймын
Қандай ақын болсаңда,
Жеңілемін- деп саспаймын.
Жүргізуші: Көңілді өскен баламыз
Шырқатып әнге саламыз
Тойымызға сән берер
Би де билей аламыз
Би «жастар»
Амина-Янис
Амира-Михрат
Парвина-Тахир
Алдар: Ал балалар сау болыңдар, өнерлерін өрге жүзсін.
-Шығайбай ауылы қай тұста екен?
-Оңтүстікке қарай тура жүрсеңіз табасыз.
Жүргізуші:Алдар көсе әндетіп әрмен қарай жолға шығады. Шықбермес Шығайбайдың атын естімеген жан болмаған екен. Қайтсемде қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылған екен.
Шықбермес Шығайбайды мырза бай етпесем, Алдар деген атым құрысын!- деп Алдар жолын жалғастырады. Ақырында елден іргесін аулақ салған, ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді. «Не істеп отыр екен?»- деп атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп жабықтан сығалайды.
Сығаласа: Шығайбай қазы тіліп отыр, бәйбіше нан илеп отыр, тоқал бас жуып отыр, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.
«Кеш жарық!»-деп Алдар кіріп барады.
Бұларда жылдам екен қолындағыларын жасыра-жасыра қояды.Шығайбай таспаны, бәйбіше ұршықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті,тоқалы тоқылып жатқан шұлықты қолдарына алып отыра қалады.
-Қайдан жүрген адамсың? Қайда барасың? Не естіген білгенің бар?- дейді бай Алдарға.
-Көргенімді айтайын ба, байеке естігенімді айтайынба?
-Естіген өтірік болады, көргеніңді айт- дейді бай
-Көргенім көп байеке
Жолда келе жатып үлкен сары жылан көрдім
Жуандығы тап озіңнің астыңдағы қазыдай
Артық- кем қып асырмай
Шын айтқанда жасырмай
Таспен ұрып жібердім
Күң астындағы басындай
Былш ете түсті иленіп
Бәйбіше астындағы нанындай
Осы айтқаным өтірік болса сақалым жұлынсын
Қыз астындағы тырнадай.
Мұны естіген бай: Шоқ түссін тіліңе!- деп астындағы қазысын лақтырады.
-Тілің кесілсін!- деп бәйбіше нанын лақтырады.
Ой қаңғыбас!- деп тоқал қойдың басын лақтырады.
Қайдағы қайдан келе қалып еді!- деп қызы астындағы тырнаны лақтырады.
Қазаныңды аса бер бәйбіше!- дейді амалы таусылған бай. Сөйтіп Алдар Шығайбайдың үйінен тамаққа тойып шығыпты.
Ертегі рөлдерін сомдаған ересектер тобының балалары:
Алдар-Рамазан
Шығайбай-Алихан
Бәйбіше-Нилюфер
Тоқал-Аниса
Қызы-Ниара
Айтыскер ақындарымыз: Жаннұр-Мариям
Жүргузіші: Альтаир және Мариям
Құрметті қонақтар көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет!