Балабақшадағы кеңес беру пунктінің жұмысы
2025-2026 оқу жылында КМҚК " №59 бөбекжай-бақшасы " мектепке дейінгі білім беру мекемесінде балабақшаға баратын және бармайтын мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) әдістемелік, диагностикалық, консультациялық көмек көрсету мақсатында консультативтік пункт жұмысын жалғастырды.
Консультативтік пункттің негізгі міндеттері:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету;
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсету;
- ата-аналардың (заңды өкілдердің)хабардарлығы мен педагогикалық құзыреттілігін арттыру;
- балалардың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына жәрдемдесу.
Оқу жылының басында ата-аналарға арналған кеңес беру пунктінің оқу-тәрбие тізбесі жасалып, қабылдау кестесі бекітілді. Оқу-тәрбие тізбесі бойынша жұмыстар атқарылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың отбасыларын анықталып,консультативтік кеңеске шақыру жұмыстары жүргізілді. Кеңес беру пунктіне балабақша меңгерушісі А.С.Ахмедова, психолог Л.И.Муратова, медбике З.Т.Надирова жауапты мамандар ретінде белгіленді. Кеңес беру пунктіне келген ата -аналардың сұрақтарына жауапты мамандар қанағаттандырып отырды. Әрбір кеңес беру пунктіне келген ата ананы тіркеуге алып, арнайы журналға жазып отырды.
Балабақша меңгерушісі А.С.Ахмедова балабақша туралы түрлі сұрақтармен келген ата анаға кеңес беру пунктінің жұмыс кестесі туралы таныстырып, балабақшаға Balabaqsha SmartNation порталы арқылы баланы орналастыру туралы кеңес берді.