«7 саны апта күндері.» » ГККП Ясли сад № 59
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 232-72-92
Әдіскер:
+7(771) 470-20-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «7 саны апта күндері.»
16
апрель
2018

«7 саны апта күндері.»

Алматы қаласы Білім басқармасы

МКҚК «№59 бөбекжай балабақшасы »

 

Пед кеңес №3

 

Ашық оқу қызметі

Тақырыбы: «7 саны апта күндері.» .

Тәрбиеші: Самбетбаева Ж.Ш

Ересектер«Құлпынай » тобы

2017-2018 оқу жы

7 саны апта күндері.

Мақсаты 7-ге дейінгі сандарды тура және кері ретімен қоябілуге ,сандардың таңбаларын танып ,ажыратуды ойын арқылыжетілдіре түсу.

Ойлау ,көріп-тану ,зейін ,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Тіл байлықтарын жәнесөздік қорларын байыту.Тапқырлыққа ,ептілікке,жылдамдыққа,достыққа тәрбиелеу.Халықтық педагогиканыұштастыра отырып халқымыздың киелі 7 санына деген ұғымдарын кеңейту.Ұжымдық іс- әрекетке баулу.

Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз

Кішіге де біз

Әдеппен бас иіп

Сәлем бердік біз

Балалар тақтаға қараңдаршы ,нені көріп тұрсыңдар?

Геометриялық пішіндер.Атап айтайықшы: төртбұрыш,үшбұрыш,шеңбер,сопақша,бесбұрыш,

Олардың пішіндері бірдей ме: Әртүрлі

Пішіндерді санайықшы:1,2,3,4,5,6,7. Жетеу.

7саны қазақта киелі болып есептеледі.7ата,7қазына,7күн,7қарақшы,7шелпек.

7санын неліктен киелі екенінслайд арқылы көрсету.

Балалар сендер 7 ата жайлы білулерің керек.7ата-немере,шөбере,шөпшек,немене,жүрежат,туажат,жұрағат.

7шелпек-үйде аналарың,әжелерің 7шелпек пісіріп, өлген кісілерді еске алып,бағыштап құран оқиды.

7қарақшы –аспандағы жұлдыздар. 7қарақшы жайлы әртүрлі аңыздар ,ертегіле

7қазына-жүйрік ат,алғыр тазы,берен мылтық,ер жігіт,сұлу әйел,ілім-білім.

Ойын: 7 апта

Апта күндерінің суретерімен рет-ретімен тұру.

1-дүйсенбі

2-сейсенбі

3-сәрсенбі

4-бейсенбі

5-жұма

 

6-сенбі

7-жексенбі

Ойын: Адасқан сандар

Балаларға 7-ге дейінгі сандарды беріп, белгі берілген кезде ретімен тұра-тұра қалу керек.Келесі сәтте сол сандар кері тұрулары қажет.

Балалар сендер 6-ға дейін санамақ білесіңдер.

Санамақ

Бір дегенім-бөрік

Екі дегенім-етік

Үш дегенім-ішік

Төрт дегенім- тымақ

Бес дегенім-байпақ

Алты дегенім-алқа

Жеті дегенім-жейде

Санамақты айтаотырып суреттерін көрсетіп отырамын. 7санына дейін санамақты жаттап алдық.

Енді балалар мен сендерге 7 түрлі жұмбақ жасырамын,жауабын табыңдар.

1.Күрең қызыл түсі бар

Тағамдардың асылы

Қуат берер күші бар.(Нан)

2.Ұрмай-соқпай жылатады,

Әркім бірақ ұнатады(пияз)

3Түсі аппақ,

Тысы қатты-ақ

Екі түрлі уызы

Жесең тәтті-ақ. (жұмыртқа)

4.Әжем уыстап сығып

Далада кептірген

Қатты әрі тәтті дәмін

Кім бар екен жеп көрген. (құрт)

5.Аспан түстес сұйық

Әркім ішерқұйып.(су)

6.Өзі ащы бірақ

Дәмді етер асты.(тұз)

7.Өзі аппақ қардай

Шайға салсаң балдай.(қант)

Жұмбақтардың жауаптарын қараңдаршы балалар, үстел үстінденелер тұр біздің жейтінтағамдарымыз.Ас адамның арқауыдеп бекер айтылмаған.

Қорыту: Балалар біз қандай санмен таныстық?

7саны туралы не білеміз?

7шелпек дегеніміз не?

Балаларбүгін сендер оқу іс-әрекетіне өте жақсықатыстыңдар. Сендер бұл оқу іс-әрекетінде қазақ халқының күнделікті тәлім-тәрбие тұрмысында кездесетін (7апта,7ата,7шелпек) ұғымдарын түсініп,халықтың өмірі оның әдет-ғұрпы жөніндеойлау жүйесімен дүние танымдарыңды кеңейттіңдер.

 

«7 саны апта күндері.»
«7 саны апта күндері.»
«7 саны апта күндері.»
«7 саны апта күндері.»
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив