"Жақсылық жасап жарысайықшы" » ГККП Ясли сад № 59
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 бөбекжай-балабақшасы»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші :
+7(727) 232-72-92
Әдіскер:
+7(771) 470-20-45
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Жақсылық жасап жарысайықшы"
06
март
2026

"Жақсылық жасап жарысайықшы"

«Жақсылық жасап жарысайықшы!» – кішкентай жүректердің үлкен мейірімі ❤️
    КМҚК №59 бөбекжай-балабақшасында «Жақсылық жасап жарысайықшы!» атты қайырымдылық акциясы өтті. 🤍
Бұл игі шараға балабақша қызметкерлері, ата-аналар және кішкентай тәрбиеленушілеріміз бірлесе атсалысты. Бүлдіршіндеріміз кішкентай жүректерімен үлкен сауапты іске үлес қосып, бір-біріне қолдау көрсетудің, жақсылық жасаудың маңызын сезінді.
     Бұл тек көмек көрсету ғана емес — балалардың жүрегіне мейірімділік, қамқорлық пен жылулықтың дәнін себетін ерекше тәрбиелік іс-шара болды.
     Қасиетті Рамазан айының аясында ата-аналардың қолдауымен бүлдіршіндерімізбен бірге азық-түлік себеттері дайындалып, Нұршашқан ықшамауданында тұратын екі көпбалалы отбасыға, сондай-ақ пәтер жалдап тұратын Рухия әже мен Айсұлу әжеге табысталды. Сонымен қатар ауыл мешітінен көмек сұраған отбасыға жеткізу үшін арнайы азық-түлік қорабы ұсынылды.
    Жақсылық жасау үшін үлкен болу міндет емес. Ең бастысы – жүректің таза болуы.
Кішкентай қолдарымен жасалған әрбір игі іс – үлкен үміттің бастауы. ✨
Осындай игі істер арқылы балаларымыз қайырымдылыққа, жанашырлыққа және адамгершілікке тәрбиеленуде.
Бұл – кішкентай жүректердің үлкен мейірімі! ❤️
https://www.instagram.com/reel/DViwAaIDPmc/?igsh=MThxNXpoajkybzdiaQ==​​​
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив